Текст

Құрметті қонақтар, оқушылар мен ата-аналар!
"Ақсай ауылының жалпы білім беретін орта мектебі" КММ сайтында қош келдіңіздер! Біздің сайтымызда, сіздер мектептің оқу-тәрбиелік қызметі жайында, мектеп және аудандық қоғамдық өмірге қатысушылардың нәтижелері туралы таныс боласыз. Біздің мектеп мұғалімдерінің педагогикалық тәжірибелерін біле аласыз. Ұсынылған ақпарат сіздерге қызықты әрі пайдалы болады деп үміттенеміз. Құрметпен, мектеп директоры Ахамбаева Надежда Владимировна.
05.03.2026
Мектеп бойынша әскери-патриоттық тәрбие жоспарына сәйкес және «Адал Азамат» бағдарламасы аясында Ақсай ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде «Жас сарбаз» әскери-спорттық жарыс өтті. Жас жігіттер күш жаттығулары, Калашников автоматын жартылай бөлшектеу және жинау, пневматикалық винтовкадан ату және магазин оқтау бойынша бақ сынасты.
26.02.2026
4 "Б" сынып оқушыларымен "Сөздіктер әлемі" атты ақпараттық іс-шара өткізілді. Мақсаты: сөздіктер туралы білімді кеңейту. Балалар ақпаратты үлкен қызығушылықпен тыңдады, ұсынылған материалдармен танысты, сұрақтарға жауап берді.
20.02.2026
2026 жылдың 9–20 ақпан аралығында мектепте математика, информатика және физика пәндері онкүндігі өтті. Іс-шаралар оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға және логикалық ойлауын дамытуға бағытталды. Онкүндік барысында 1–11 сынып оқушыларына арналған викториналар, квесттер, ашық сабақтар мен зияткерлік ойындар өткізілді: «Логиканы қосамыз!», «Сандық қала құпиясы», «Ғажайыптар жанымызда!», «Бөлшектер-ай!», «Өз ойының». Іс-шаралар циклының қорытындысы бойынша жүлдені 8-сынып иеленді. «Жұмбақтан — данышпанға: 7 күн — 7 ұлы ғалым» атты іс-шаралар циклі ерекше орын алды. Оның аясында оқушылар Пифагор, Евклид, Архимед, Исаак Ньютон, Майкл Фарадей, Готфрид Вильгельм Лейбниц және Альберт Эйнштейннің өмірі мен ғылыми мұрасымен танысты. Онкүндік мазмұнды әрі қызықты өтті, оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін дамытып, нақты ғылымдарға деген қызығушылығын арттырды.
18.02.2026
"Ақсай ауылының ЖОББМ" КММ-де “Шын жүректен кітап сыйла!" челлендж ұйымдастырылды. Кітапхана оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге елеулі үлес қосатын кітаптарды сыйға тартты.
16.02.2026
Біздің мектептен екі оқушы Вдовцова Лиана 9 сынып оқушысы, Нұражан Сағынжан 7 сынып оқушысы пән бойынша (орыс тілі және әдебиеті) олимпиаданың аудандық кезеңінен өтіп, облыстық кезеңіне қатысты. Қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды. Алдағы уақытта үлкен жетістіктерге жетеді деген үміттеміз#олимпиада
12.02.2026
Әскери-патриоттық тәрбие жоспарына сәйкес, 2026 жылдың 12 ақпанында Ақсай ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 37 жылдығына орай ерлік сағаты өтті. Іс-шараға 8, 9, 10 және 11 сынып оқушылары қатысты.
12.02.2026
МИФ онкүндігі аясында «Цифрлық қаланың құпиялары» атты сыныптан тыс квест іс-шарасы өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың практикалық бағыттағы тапсырмаларды орындау арқылы цифрлық сауаттылығын қалыптастыру. Логикалық және алгоритмдік ойлау қабілеттерін дамыту, ақпаратты талдау және стандартты емес шешімдер табу дағдыларын жетілдіру. Информатика пәні бойынша білімдерін бекіту (компьютер құрылғылары, ақпараттық үдерістер, интернет қауіпсіздігі, кодтау, бағдарламалау). Ортақ міндеттерді шешу барысында командалық жұмыс дағдыларын, рөлдерді бөлу және жауапкершілікті сезіну қабілеттерін дамыту. IT саласына және заманауи цифрлық технологияларға деген танымдық қызығушылықты арттыру. Цифрлық ортада қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру. Ойын түріндегі білім беру ортасында оқушылардың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау.
12.02.2026
Мемлекеттік қызметтердің 2025 жылғы көрсету саласындағы қызметі жөніндегі есептердің ашық талқылауын өткізу туралы
«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің Ақсай ауылының жалпы орта білім мектебі» КММ сі 2026 жылғы 1-31 наурыз аралығында «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің Ақсай ауылының жалпы орта...
11.02.2026
10 ақпанда мектепте 1–4 сынып оқушылары үшін «Логиканы қосыңыз!» атты іс-шара өтті. Ойын, Ойлан, Жең. Шара барысында оқушылар зейінін, ойлауын, тапқырлығын дамыта отырып, логикалық есептер мен жұмбақтарды шешті. Ойын достық және танымдық атмосферада өтті.
10.02.2026
Ақсай ауылының жалпы орта ББ мектебінде, математика, физика және информатика онкүндігі ашылды: 9-20 ақпан аралығында мектебімізде математика, физика және информатика пәндерінің онкүндігі өтеді. Бұл нақты ғылымдар әлеміне қызықты саяхат, қызықты ашылулар, эксперименттер және интеллектуалдық сынақтар өтті.