2023 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп.
1. Жалпы ережелер
1) көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер: "Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің Ақсай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ. Заңды мекенжайы Ақмола облысы Есіл ауданы, Ақсай ауылы, Ленин көшесі 8
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Ақсай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ білім беру саласында 6 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2023 жылы "Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Ақсай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ 61 қызмет көрсетілді;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген - 10 қызмет;
электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер-10 қызмет;
қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер-41 қызмет;
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
3) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: білім беру саласындағы неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер:
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау";
"Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну";
"Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою";
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау".
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат мектептің ресми интернет - ресурсында орналастырылған sc0019.esil.aqmoedu.kz.. "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі орналастырылған. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған мектеп фойесінде ақпараттық стенд бар. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады. Білім беру ұйымы нормативтік құқықтық актілерді әзірлемеген.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
2023 жылы БАҚ және әлеуметтік желілерде тұрақты негізде мақалалар жарияланады, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Ай сайын халықты БАҚ, көрсетілетін қызметті берушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету бойынша жұмыс жүргізіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнаулы білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылады.
Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап мектепте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 15 мемлекеттік қызмет қолжетімді.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жауаптылар мемлекеттік қызметтер көрсетуде біліктілікті арттыру курстарынан өтті, болашақта біліктілікті арттыру бойынша жұмыс жалғасатын болады.
4. Мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтерді алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.
Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2024 жылы "Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің Ақсай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады.
Мектеп директоры: Кажетова М. А.