"Ақмола облысы  білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім  бөлімі Ақсай ауылының  жалпы орта білім беретін мектебі"   коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная  школа села Аксай отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети Инстаграм

Азаматтарды қабылдау кестесі: Бейсенбі 9:00 - 13:00

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

АДАЛДЫҚ САҒАТЫ: СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ ӘДІЛДІК ФИЛОСОФИЯСЫ

12.03.2021

АДАЛДЫҚ САҒАТЫ: СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ 
ӘДІЛДІК ФИЛОСОФИЯСЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әділдік философиясы» тақырыбында кезекті адалдық сағаты өткізілді.
Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ классикалық әдебиетінде ұлы Абай қалыптастырған көркемдік дәстүрлерді байытып жалғастырушы суреткер. Ол өз заманының ең мәнді, көкейкесті мәселелерін көтеріп, өзінің көркем қолтаңбасын, қоғам мен адам өміріндегі алуан шындықтар көрінісін шығармаларына арқау етті.
«Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды» арман еткен Сұлтанмахмұт Торайғыров бүкіл ғұмырын халық ағарту ісі мен еліне қызмет етуге арнаған.
Сұлтанмахмұт поэзиясы – ақындық шеберліктің, ұлтжандылықтың, азаматтықтың мектебі. Ақын өзінің саналы, саяси, жазушылық өмірін:
«Шындықтың ауылын іздеп түстім жолға,
Разымын, не көрсем де осы жолда
Шаршармын, адасармын, шалдығармын,
Бірақ бір табамын деп, көңілім сонда», – деп жырлап, өмір бойы осы сертін орындау жолында қызмет істеді: өзінің халқына өнер, білімнің шыңына шығу арқылы еркіндік, бақыт іздеді.

Просмотров: 384


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст