Қазақстан халқы тілдері күніне арналған онкүндікті өткізу туралы есебі. Мерзімі: 04.09.2026 – 17.09.2026 1. Кіріспе және мақсаты 2026 жылдың 4-17 қыркүйек аралығында мектепте Қазақстан халқы тілдері күніне арналған онкүндік өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың бойында қазақстандық патриотизмді, Қазақстан аумағында тұратын халықтардың мәдениетіне, дәстүрлері мен тілдеріне деген құрметті қалыптастыру, мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін үйренуге деген қызығушылықты арттыру. 2. Өткізілген іс-шараларды талдау. Онкүндік жоспарға сәйкес толық көлемде және жоғары әдістемелік деңгейде өткізілді. Бастауыш сыныптар (1-4 сыныптар): «Тіл – достық көпірі» және «Қазақстан халқы тілдері күні» викториналары өткізілді. Оқушылар белсенділік танытты. Орта буын (5-9 сыныптар): «English Detectives» ағылшын тілі іс-шарасы, «Тіл – халық жаны» квизі, «Ана тілінің кеңістігінде» лингвистикалық ойыны, «Своя игра», «Грамматикалық кафе», «Тіл додасы» викторинасы мен «Бір шаңырақ астында» дөңгелек үстелі ұйымдастырылды. Жоғары сыныптар (11 сынып): «Сөз құдіреті: тіл, мәдениет, бірлік» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп, оқушылар тілдің қоғамдағы ролі туралы пікір алмасты.

01.10.2026

Просмотров: 197


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу