«Үздік каллиграф» байқауы . Бүгін, 13 қазанда, «Аққайың ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де бастауыш сыныптар онкүндігі аясында 2–4 сынып оқушылары арасында «Үздік каллиграф» байқауы өтті. Оқушылар байқауға үлкен қызығушылықпен және ынтамен қатысып, әдемі, ұқыпты әрі сауатты жазу дағдыларын көрсетті. Әр қатысушы өз шеберлігін көрсетуге тырысты, өйткені көркем жазу — шыдамдылықтың, табандылықтың және еңбекқорлықтың нәтижесі! Байқау қорытындысы бастауыш сыныптар онкүндігінің жабылуына арналған салтанатты жиында шығарылады. Барлық қатысушыларға сәттілік пен жаңа жетістіктер тілейміз!