Әскери-патриоттық тәрбие жоспарына сәйкес, 2026 жылдың 20 қазанында Ақсай ауылының жалпы білім беретін мектебінде «ҚР күні – бірлік, бейбітшілік және жасампаздық мерекесі» тақырыбында батылдық сабағы өтті. Сабақтың мақсаты патриотизм, азаматтық жауапкершілік, Отанға деген сүйіспеншілік және Қазақстан Республикасының тарихы мен дәстүрлеріне құрмет сезімдерін тәрбиелеу болды. Іс-шараға 8, 9 және 11 сынып оқушылары қатысты.