БАСТАУЫШ СЫНЫПТАР ОНКҮНДІГІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ 2026 жылғы 23 қазанда «Ақсай ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Бастауыш мектеп сабақтарындағы инновациялық технологиялар» тақырыбында «Адал азамат» бағдарламасы аясында, «Игі істер бізден басталады!» ұранымен өткізілген бастауыш сыныптар онкүндігі өз мәресіне жетті. Онкүндік барысында математика, орыс тілі, ағылшын тілі және жаратылыстану пәндерінен ашық сабақтар өткізілді. Оқушылар «Үздік каллиграф» байқауына, «Менің Отаным – Қазақстан» сурет байқауына, «Күз сыйы» күзгі жәрмеңкесіне, «Математикалық ринг» зияткерлік сайысына және «Эко-бум – ғаламшар құтқарушылары» экологиялық іс-шарасына белсене қатысты. Онкүндіктің жарқын қорытындысы Республика күніне арналған «Менің Отаным – Қазақстан» атты мерекелік концертпен аяқталды.