Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігінің жоспарына сай 5–6 сынып оқушылары арасында ұлы ағартушы, педагог, жазушы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Ыбырай тағылымы» атты интеллектуалдық ойын өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы мен ағартушылық қызметі туралы білімдерін тереңдету, шығармаларын таныту, білімге деген қызығушылығын арттыру және ұлы тұлғаның рухани мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу. Ойын барысында оқушылар өз білімдерін ортаға салып, қызықты сұрақтарға жауап беріп, өзара білімдерін сынап, тапқырлықтары мен белсенділіктерін көрсетті. Өткізген: Джанибекова Арайлым Мавлетаиевна